Димаш екі жылдан кейін алғаш рет жеке концерт өткізеді

12 Қаңтар 2022, 21:26
1944
Бөлісу:
Димаш екі жылдан кейін алғаш рет жеке концерт өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген екі жыл бойы жалғасып келе жатқан әлемдік пандемиядан кейін өзінің алғашқы жеке концертін береді. Ауқымды және көптен күткен шоу Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қаласы Дубайда өтеді.

Концерт әртіс үшін де, оның шығармашылығының жанкүйерлері үшін де ең жарқын және ұмытылмас оқиғалардың бірі болады. Шоу Таяу Шығыстағы ең үлкен кондиционерленген арена – Coca Cola Arena-да өтеді. Ол ірі халықаралық әртістерді қабылдай алады, сондай-ақ түрлі спорттық іс-шаралардың толық спектрін өткізе алады - делінген dimashnews.com сайты таратқан ақпаратта.

Coca-Cola Arena Дубайдың жүрегі – City Walk ауданында орналасқан.

Dimash In Dubai концерті барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін соңғы бірнеше күнде Димаштың инстаграмдағы жеке парақшасы істемей қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы