Димаштың Arnau-ы 6 шілдеде телеарнадан көрсетіледі

4 Шілде 2019, 18:05
2443
Бөлісу:
Димаштың Arnau-ы 6 шілдеде телеарнадан көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің концерті 6 шілде күні 21:00-де Qazaqstan арнасында көрсетіледі. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы хабарлады.

"Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Arnau: kinetic voice» атты шоу 30 мыңнан астам көрермен жинаған. Димаштың концертін тамашалауға 64 елден 10 мыңға жуық жанкүйер келген", - делінген хабарламада. 

Әнші кештің негізгі қонағы Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Естеріңізге сала кетейік, концерттің негізгі ұйымдастырушысы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.


Өзгелердің жаңалығы