Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында өнер көрсетті

18 Қаңтар 2021, 14:24
1728
Бөлісу:
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында өнер көрсетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады, деп хабарлады dimashnews.com сайты.

Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.

Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі, олардың ішінде: губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, Кэрол Робертсон Лопез және басқалар бар.

Салтанатты рәсім кезінде Димаш қазақтың халық әні «Самалтауды» орындады. Бұған дейін АҚШ-тың сайланған президентін ұлықтау апталығының ашылуында қазақстандық әнші ән шырқамаған. Димаш Құдайберген осындай атаулы мерекеге шақырғандары үшін SCI өкілдеріне өз алғысын білдірді.




Өзгелердің жаңалығы