"Дикий Арманның" қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

6 Сәуір 2023, 13:18
832
Бөлісу:
"Дикий Арманның" қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды
Фото: Instagram/@_dikiy_arman_

"Дикий Арман" деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы ұзарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дикий Арманның" қамау мерзімі екі айға ұзарды.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін Жұмагелдиевке қарсы екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 7 маусымына дейін ұзартуға санкция берілді, - делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, 2022 жылдың 7 қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда Арман Жұмагелдиевтің ұсталғанын мәлім етті. Жұмагелдиевпен қоса тағы бес адам ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, Арман қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды алып қашқан.

2023 жылдың 5 қаңтарында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК кураторының басшылығымен әрекет еткенін мәлімдеді.

6 наурызда Алматы қалалық соты Жұмагелдиевтің қамау мерзімін бір айға, яғни 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлаған еді.

Өзгелердің жаңалығы