Бас прокурор: Дикий Арманның әрекетін ҰҚК кураторы үйлестірген

5 Қаңтар 2023, 11:13
1182
Бөлісу:
Бас прокурор: Дикий Арманның әрекетін ҰҚК кураторы үйлестірген

Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде Дикий Арманның әрекетін ҰҚК кураторы үйлестіргенін айтты. Сонымен Қатар қаңтар оқиғасына дайындық 2021 жыл бойы жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2021 жыл бойы радикалды шараларды қолдану үшін құқық бұзушылар жасырын түрде дайындық жүргізген. Қылмыскерлердің арасында ұйымдасқан қылмыстық топтар да бар. Олар адам жинап, қаруланып, рация мен көлік сатып алған. Тергеу барысында жекелеген қауіпсіздік күштері бұл жұмысқа жетекшілік еткені анықталды, - деп мәлімдеді Бас прокурор.

Асыловтың айтуынша, тергеушілердің Алматыда Жұмагелдиевке («Дикий» Арман – ред.) ерекше рөл берілгенін атап өтті. Оның ҰҚК-ның кураторының үйлестіруі бойынша әрекет еткені анықталды. 

Оған тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықты бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптарын қою үшін «халық кеңесін» құруға тиісті болды. Бұл ретте оған Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты белсенді түрде көмектесті. Сондай-ақ қарақшыларды қаруландырған қылмыстық топтың белсенді мүшесі Махатов Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген. Алайда олар жаппай наразылық акциясын жүргізе алмағандықтан, халық олардың соңынан ерген жоқ, - деп айтты Берік Асылов. 

Оның айтуынша, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасының ұсталғаны туралы ақпарат алған соң, сенімді алиби жасау мақсатында, мародерлермен күресті желеу етіп, содырларға қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылған.

Сол үшін 6 қаңтарда олар қаланың әр жерінен 24 кездейсоқ адамды ұрлап кеткен, сосын «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің автотұрағында оларды ұрып-соғып, ұстап отырған.

Кейін оларды қаланың шетіне апарып, ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерде түнеткен. Сосын оларды әуежайға жеткізген, сол жерде Өтепбаев азаптаудан қайтыс болған. 

Осы фактілер бойынша тергеуді аяқтадық. Қазір құжаттармен танысып жатырмыз, - деп айтты Асылов Мәжілістің отырысында.

Өзгелердің жаңалығы