Диетолог организмді ерте қартайтатын өнімді атады

23 Қазан 2021, 15:09
43545
Бөлісу:
Диетолог организмді ерте қартайтатын өнімді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қантты шектен тыс көп тұтыну организменің тез қартаюына септеседі. Майлар жасушаларда жинақталып, қан айналым жүйесіне түседі, сөйтіп организмдегі кері әсерлердің туындауына түрткі болады.

Бұл туралы «Вечерняя Москва» хабарлады.

Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог-дәрігер Елена Соломатинаның сөзінше, қанттан пайда болатын глюкоза майға айналып, теріге теріс ықпал етеді.

Жасушаларда жинақталған майлар қантамырлар арқылы қозғалып, олардың қабырғаларын зақымдап, холестеринге жол ашады. Салдарынан қан айналымы нашарлап, қабыну процестері жүреді. Қантамыр қабырғалары қалыңдап, серпінділік қасиетін жоғалтады, тері қартая бастайды.

Дәрігер қанттың шектен тыс мөлшері организмдегі калий, магний және кальций мөлшерін төмендететінін айтып өтті. Соның кесірінен тері ісініп, созылады, жалпы жағдайы нашарлайды, қартаю процесі тез жүреді.


Өзгелердің жаңалығы