“Дидар” телехикаясы түсіріледі

3 Наурыз 2023, 19:07
1004
Бөлісу:
“Дидар” телехикаясы түсіріледі
Фото: Артём Чурсинов

Биыл “Қазақ телевизиясына-65 жыл”. Телеарна тарихын баяндайтын  “Дидар” телехикаясы жарыққа шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Телерадиокорпорация құрамына бүгінде 4 республикалық телеарна, 4 республикалық радио, 14 аймақтық телеарна және 23 интернет портал кіреді. Негізгі медиаактиві «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы елдегі ең үздік бес арнаның қатарында. Телеарна тәулігіне 20 сағат үздіксіз хабар таратады. Телерадиокорпорация отандық сериалдар мен анимациялық жобалар өндірісінде және дубляж саласы бойынша  көшбасшы саналады.

Биыл Қазақстан телерадиокорпорациясы үшін 65-телевизиялық маусым. Жетістігіміз өте көп. Корпорацияға кіретін арналардың да рейтінгі жоғары. Сериалдар өндірісінде де көш бастап тұрмыз. Анимация, тікелей эфирлер, үлкен арнайы жобалар мен марафондарды көрсетіп біздің индустрияда алдыңғы қатардамыз. Оның барлығы тек бүгінгі күннің еңбегі емес, 65 бойына жиналған үлкен ұжымның еңбегі, тәжірибесі. 65 жылдыққа орай түрлі шаралар өтеді. Біз көбінесе ардагерлердің тәжірибесін алуға тырысамыз. Кез-келген жоба барысында ардагерлерді шақырып, олардың өнегелі әңгімелерін тыңдап, ақыл-кеңестерін аламыз. Биыл арнайы үлкен “Дидар” атты телехикая түсіргелі жатырмыз. Жылдың соңында жарық көреді. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Камал Смайлов, Шерхан Мұртаза, Сағат Әшімбаев сынды біз үшін үлкен телевизиялық тарландарымыз қалдырған мұраны телехикая арқылы жеткізгіміз келеді, - дейді “Қазақстан” телерадиокорпорациясының  Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Өзгелердің жаңалығы