Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

5 Мамыр 2023, 16:15
1350
Бөлісу:
Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Осы орайда жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің оң беделін одан әрі көтеру мақсатында 68665 әскери бөліміне барып, сарбаздардың азаматтық борышын қалай өтеп жатқанына көз жеткізіп қайттық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жолы Қазақстан қарулы күштері құрлық әскерлерінің құрамындағы 68665 десанттық шабуылдаушы әскери бөліміне келдік. Сарбаздардың бір күндік өмірімен танысып, азаматтық борышын қалай өтеп жатқанын өз көзімізбен көрдік.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

68665 десанттық шабуылдаушы әскер бөлімінде қазіргі уақытта 400-ге жуық сарбаз азамттық борышын өтеп жатыр.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Әскери бөлімге келген кезімізде алғаш болып көзге түскені прашюттен секіруге дайындалып жатқан мерзімді әскери қызметкерлер болды. Олар 6 ай бойы арнайы дайындықтан өтеді. Жарты жыл дайындалып болған соң 850 метр биіктіктен секіреді. Мерзімді әскери борышын өтеушілерден бөлек мұнда келісім шарт негізінде еңбек етіп жүргендер де бар. Әр сарбаз жылына кем дегенде осылайша 3 рет биіктіктен секіреді.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Сондай-ақ, әскери қызметшілердің киім үлгісімен де таныстық. 

Құрлық әскерлері киім үлгісі.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Әуеге қарсы қорғаныс күштерінің киім үлгісі.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Теңіз күштерінің киім үлгісі.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің күнделікті киім үлгісі.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Дадалық киім үлгісі. Мұнда полигонда, атыс-оқу жаттығу кезінде осындай киім үлгісімен қызмет жасайды.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Мерзімді әскери қызметшінің құрмет қарауыл ротасындағы киім үлгісі.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Далалық оқу-жаттығу жиынында мергендер жасырыну мақсатында дәл осындай киім үлгісін киеді.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Әскери бөлімде сондай-ақ Қазақстан құрлық әскерінде қолданылатын байланыс құралдарымен таныс болдық.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Келесі көргеніміз радиациялық, химиялық және биологиялық барлауға арналған телеробот кешені болды. Басқару блогының арқасында телеробот 1000 метр қашықтықта барлау қызметін атқара алады. Телеробот 3 камерамен жабдықталған. Түнгі барлау кзінде жарықтық шамдары да іске қосылады. Қауіпті аймақта 4 әскери қызметшінің міндетін атқаруға қауқарлы. Германия елінде құрастырылған құрылғы әскери бөлімге 2022 жылы алып келген.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Сонымен қатар әскери бөлімде қару-жарақ түрлерін де көруге мүмкіндік туды.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...
Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Әскери бөлімде Эмба есімді әскери ит те бар. 3 айдан бастап 1 жасқа дейін дайындалады. Эмбадан бөлек мұнда тағы 3 ит бар. Иттердің негізгі қызметі мина іздеу.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Сарбаздың әскери өмірітек жаттығу жасаумен шектелмейді. Мұнда бос уақытта кітап, газет-журнал оқып, теледидар көріп, радио тыңдауға мүмкіндіктер жасалған.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...
Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...

Біз барған уақытта жаңа казарманың ашылу салтанаты да куә болдық. Мұнда сарбаздар үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы жаттығу залы да құрылғылармен толықтырылған. Сондай-ақ жаңа казармадан бейнекамералардың орнатылғанын көрдік.

Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...
Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...
Десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінде...
Өзгелердің жаңалығы