Десанттық-шабуылдау әскерлеріне шақырылған жас жауынгерлер беренді техниканы тізгіндеді

30 Қазан 2023, 08:26
584
Бөлісу:
Десанттық-шабуылдау әскерлеріне шақырылған жас жауынгерлер беренді техниканы тізгіндеді
Фото: gov.kz

Алматы облысында әскерге шақырылған десантшылар жас жауынгер курсын аяқтауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарынан шақырылған 250-ден астам сарбаз алғаш рет беренді техниканы жүргізіп сынақтан өтті.

Бір қарағанда, тапсырма қарапайым көрінгенімен, тікенекті сымның астынан өтіп, траншеядағы позицияға орналасу, темір сауытты беренді машинаның астына жатып, кейін оны граната муляжымен көзін жою керек. Бірақ бірінші рет орындап отырған сарбаздар үшін оның бәрі ойлағандай бола бермейді.

Алайда қиындықтарға қарамастан, олар алғашқы жауынгерлік тапсырманы орындауға ұмтылыс танытты.

Беренді машиналармен алғашқы сынақ тапсыру – жас жауынгер курсына енгізілген міндетті рәсім болып табылады. Бұл жас сарбаздардың бойындағы күдікті жеңіп, мінездерін қатайтуға және де психологиялық тұрақтылықты дамытуға мүмкіндік беретін дайындықтың бір түрі. Жас жауынгер курсынан өту барысында алған алғашқы дағдыларын болашақта жаңа тәжірибелермен толықтырылатын болады, – деді жас сарбаздар жиынының бастығы подполковник Бақытжан Қырғызалиев.

Офицер жалпы алғанда 250-ден астам болашақ десантшы беренді техникамен сынақтан өткенін айтты. Сарбаздар үшін келесі үлкен сынақ бірнеше айдан кейін болатын алғаш рет парашютпен секіру болмақ.

Астанадан келген десанттық-шабуылдау әскерлеріне шақырылған жиырма жастағы Дмитрий Сүлейменов беренді техника жүргізудегі алғашқы сынақтан алған әсерімен бөлісті:

Сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әрине, біз бұл сынаққа моральдық тұрғыдан дайындалдық, бірақ үлкен техниканың үстіңнен өтіп бара жатқанын көргенде, бойыңды қорқыныш билейді. Сонымен қатар, командирдің «БТР өткенін күту ғана емес, сонымен қатар техниканың көзін жою үшін граната муляжын лақтыру керек» деген сөзі әрдайым есімізде болды. Мақсатқа жету үшін маған шыдамдылық пен ұстамдылық көмектесті. Мен бірінші жауынгерлік тапсырманы сәтті орындағанымды мақтан тұтамын, - деді Дмитрий Сүлейменов.

29 қазанда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жас жауынгерлері салтанатты жағдайда әскери ант қабылдайтын болады. Бір айдан кейін олар туыстары мен достарымен кездесіп, алғашқы жетістіктерімен бөліспек.

Алда жауынгерлік оқу, ату, парашютпен секіру және далалық оқу сынды бір жылдық қызмет күтіп тұр.

Өзгелердің жаңалығы