Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жас сарбаздар ант берді

30 Қазан 2023, 19:46
733
Бөлісу:
Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жас сарбаздар ант берді
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери ант беру іс-шаралары Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондарында орналасқан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлық әскери бөлімдерінде бір мезетте өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, 2023 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылған 1200-ден астам жас жауынгер Отанға адал болуға ант берді.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жас сарбаздар ант берді

Ант қабылдау рәсімі бір минут үнсіздіктен басталды. Әскери бөлімдердің қолбасшылығы, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен жас сарбаздар Қарағанды облысындағы И.Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді еске алып, аза тұтты.

 Біздің әскери бөлімде 250-ге жуық жас сарбаз ант берді. Олар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтті. Осы уақыт аралығында қару-жарақпен және қарусыз саптық дайындық элементтерін, қоян-қолтық ұрысы техникасын үйренді. Көздерін байлап, қаруды бөлшектеу мен құрастыруға машықтанды. Біз мұның бәрін салтанатты рәсім барысында ата-аналарға көрсетуді жоспарлағанбыз. Ант беру рәсіміне Қазақстанның жеті облысынан ата-аналар келді. Сол себепті бұл іс-шараны кейінге шегермей, ешқандай салтанатсыз өткізу туралы шешім қабылданды, - деді Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасының командирі подполковник Данияр Карманов.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде жас сарбаздар ант берді

Әскери ант берген соң жас сарбаздар өздері бір жыл бойы қызмет атқаратын әскери бөлімнің алаңымен жүріп өтті.

Әскери бөлімдердің командирлері ата-аналармен әңгімелесіп, оларға ұлдарының қалай қызмет ететіні, қандай бөлімшелерге бөлінгендігі туралы ақпараттарды жектізді. Іс-шара соңында жас сарбаздар туыстарымен және жақындарымен алғашқы сейілдемеге аттанды.

Өзгелердің жаңалығы