Депутаттық корпусқа қойылатын талаптар да өзгереді

18 Мамыр 2022, 16:02
1903
Бөлісу:
Депутаттық корпусқа қойылатын талаптар да өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазір саяси жүйе жаңғырады. Бұл процестің арасында нақты депутаттық корпусқа қойылатын талаптар да өзгереді. Оның аясында практикалық мәселелер басқаша шешілетініне сену керек. Қазір Ассамблеяның квотасы Мәжілістен Сенатқа беріліп отыр, ол 9-дан беске дейін қысқартылады. Ол Президентке ұсынылады. Ол бес депутат та әртүрлі ұлттың өкілдері. Президент жарлығымен тағайындалатын сенаторлар болғандықтан, олардың да іскерлік, моральдік келбеттеріне болашақта жоғары талап қойылады деп ойлаймын, - деді ол.

Өз кезегінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдина ҚХА көптеген халықаралық ұйым мойындаған бірегей институт екенін айтты.

Бұл әдіс арқылы қоғамдағы келісім орнатылады. Кез келген қоғамда ұлтараздық және өзге себеп бойынша дау туындауы мүмкін. Бұл мәселелерді ҚХА шешеді. Бұл тетік арқылы бізге көпұлтты елімізге қажетті келісімге қол жеткізу мүміндігі бар. ҚХА өзінен ұсынылатын депутаттарға үміткерлерді ұсынады. Президент олар ұсынған кадидатты тағайындамай ма, жоқ па өзі шешеді. Сондықтан да оларға қойылатын талап та күшейтіледі деп ойлаймын, - деді Зәуреш Баймолдина. 

Өзгелердің жаңалығы