Депутаттар үш жылға арналған заң жобасын қарады

1 Қыркүйек 2021, 15:48
6815
Бөлісу:
Депутаттар үш жылға арналған заң жобасын қарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі VII шақырылымының екінші сессиясының бірінші жалпы отырысында депутаттар «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарады.

Аталған заң жобасы ҚР Бюджет Кодексіне сәйкес әзірленді. Республикалық бюджет түсімдерінің жалпы көлемі 2022 жылы 13 трлн теңге, 2023 жылы 12,9 трлн теңге, 2024 жылы 13,4 трлн теңге сомасын құрайды. Шығыстарының жалпы көлемі 2022 жылы 15,9 трлн теңге, 2023 жылы 15,6 трлн теңге, 2024 жылы 16 трлн теңге сомасында көзделген, - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов.

Оның сөзінше, 2022 жылға республикалық бюджет тапшылығы 2,9 трлн теңгені, 2022-2023 жылдары 2,6 трлн теңгені құрайды.

Қаржы және бюджет комитеті аталған заң жобасы бойынша 2021 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімінде қорытынды әзірлеуге дайын, - деп таныстырды депутат Заң жобасымен.

Депутаттар Қаулы жобасына бірауыздан қолдау білдірді.

Өзгелердің жаңалығы