Депутаттар террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге келуге тыйым салатын заңды қарады

17 Қараша 2021, 10:19
654
Бөлісу:
Депутаттар террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге келуге тыйым салатын заңды қарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

Депутаттың сөзінше, бұл заң жобасы бір топ депутатпен халықтың көші-қон туралы заңының және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін сотталғандардың біздің елге келуін, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын шектеу, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елімізге келуіне тыйым салу, төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселелерін реттеу және басқа түзетулерді көздейді, - деп атап өтті Снежанна Имашева Мәжілісте.

Ол комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын екенін айтып, депутаттардан қолдауды сұрады.

Өз кезегінде депутаттар қаулыны қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы