Депутаттар референдум маңызын түсіндірді

16 Мамыр 2022, 19:17
2010
Бөлісу:
Депутаттар референдум маңызын түсіндірді

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ  тілшісі. Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап республикалық референдум маңызын түсіндіріп жатыр. Бүгін Маңғыстауға «Aq jol» партиясынан сайланған депутат Азат Перуашев келді.

Депутат өңірдегі іргелі ұжым  "МАЭК ҚазАтомӨндіріс" мекемесінде болды. МАЭК -Маңғыстау облысын электр қуатымен, Ақтау қаласын ауыз сумен қамтып отырған стратегиялық нысан. 

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өрбіді, мекеме қызметкерлері елдің саяси өміріндегі өзгерістерден хабардар екенін және Президент бастамаларынан оң өзгеріс, үлкен үміт күтіп отырғанына жеткізді. Ал депутат «Әлеуметтік әділетсіздік, жемқорлық, монополия» осы үш мәселе партияның сайлауалды бағдарламасында бар. Ал референдум осы кемшілктерді жоюға бағытталған. Сондықтан  бұл таңдау ашық бәсекелестікке жол ашады, – деді.

Сондай-ақ референдум кезіндегі дауыс беру тәртібін де түсіндіріп , көпшілікті  науқанда белсенді болуға шақырды. Республикалық референдум заңды болуы үшін, сайлаушылардың 50 пайызы қатысуы керек және қатысқандардың 50 пайызы жақтап дауыс беруі керек.

Бұл референдумның саяси, тарихи маңызынан бөлек әлеуметтік, экономикалық маңызы терең. Біз жаңа мемлекеттік басқару моделіне, жаңа саяси жүйеге қадам басқалы отырмыз. Биліктің үш тармағы арасында яғни атқарушы билік, өкілетті орган және сот тармағы арасындағы қарым-қатынасты теңестіру. Мемлекеттік билікті халыққа жақындату бұл саяси науққанның басты мақсаты, – деді депутат Азат Перуашев.

Өзгелердің жаңалығы