Депутаттар Қазақстаннан оффшорға қаражатты кімдердің шығарғанын жариялауды талап етті

2 Ақпан 2022, 13:38
2321
Бөлісу:
Депутаттар Қазақстаннан оффшорға қаражатты кімдердің шығарғанын жариялауды талап етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісмендердің айтуынша, қаңтар қасіретінде кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударғаны туралы ресми емес ақпарат бар. 

Депутат Мақсат Раманқұлов осы мәселеге қатысты Қаржы мониторинг агенттігіне депутаттық сауал жолдады.

ОлПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған кешегі кеңесте бұл дерт еліміздің дамуына елеулі қиындықтар туғызатынын және Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде тапсырмалар бергенін атап өтті. 

Бүгінгі таңда Казақстан халқының ұрланған қыруар қаражаттын елге қайтаруды маңызды мәселе деп санаймыз. Біздің фракция соңғы жылдары «Панама тізімі», «Райское досье» және Швейцария банктерінің қазақстандықтырдың шоттарына қатысты депутаттық сауалдарымызда осы мәселелерді бірнеше рет көтерген болатынбыз. «Tax Justice network» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған. Бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең, - дейді Раманқұлов.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қаражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша екі жүзден астам іс қозғаған. Алайда, нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз.

Сонымен қатар қаңтар қасіретінде кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударғаны туралы ресми емес ақпарат бар, - деп айтты депутат.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Қаржы мониторингі агенттігінен келесі сұрақтарға жауап беруді талап етті: 

1) Агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылған туралы ақпарат беру.

2) Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге кандай ірі қаражат шағарылды (миллион АҚШ доллардан көп суммалар), оны кімдер шығарды, кімдердін шоттарына түсті.

Сол күрделі күндерде көленкелі капиталдар шығарылды деген күмәніміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсін. Бірақ шығарылғын қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін.

3) Сондықтан осындай фактілер болған жағдайда салық органдарынан мұндай қаржының шығуының заңдылығын және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы