Депутаттар өз балаларын қайда оқытатыны туралы халыққа айтуы керек – Қошанов

15 Маусым 2022, 13:20
1788
Бөлісу:
Депутаттар өз балаларын қайда оқытатыны туралы халыққа айтуы керек – Қошанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты. 

Менің ойымша, кеше Саясат Нұрбек жұртшылық алдында отбасының шетелде болуына не себеп болғанына толық жауап берді. Екіншіден, үш-төрт ай бұрын депутат болды. Бұған дейін ол депутат емес еді, салық төлеушілердің есебінен, бюджеттен жалақы алмаған. Бұл-оның құқығы. Жалпы депутат – сайланбалы қызмет. Ал бұл жерде мен заңнамадағы заңды бұзу көріп тұрған жоқпын. Біз ешқандай түзетулер жасамаймыз. Әр депутат сіздің, халықтың алдында балалары қайда оқиды, отбасы қай жерде тұратыны туралы жауап беруі керек. Өз басым өзім жауап бере аламын – балаларым қарапайым мектепте, 60-шы лицейде оқыды, - деді Қошанов. 

Спикер атағандай, Этика жөніндегі комиссия бар. Мұндай сұрақтар көтерілген жоқ. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында отбасының неліктен Кипрде тұрып жатқанын түсіндіріп, балаларының оқу орны туралы тілшілердің сұрақтарына жауап берген еді. 

Өзгелердің жаңалығы