Депутаттар мен партиялардың БАҚ-тағы белсенділігі сайлау алдында ғана білінеді – мониторинг

19 Сәуір 2022, 16:30
1841
Бөлісу:
Депутаттар мен партиялардың БАҚ-тағы белсенділігі сайлау алдында ғана білінеді – мониторинг
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желі мен БАҚ беттеріне мониторинг жүргізумен айналысатын «Alem Research» сараптамалық компаниясы еліміздегі Мәслихат депутаттары мен саяси партиялар тек сайлау алдында және сайлаудан кейін БАҚ-та белсенді жарияланғанын мәлімдеді.

Алматыда өткен «КИСИ GPS» сараптамалық алаңының екінші отырысында «Alem Research» ЖШС-нің аналитика бөлімінің басшысы Милана Курбанова әлеуметтік желі мен БАҚ-қа мониторинг жүргізу арқылы атқарушы биліктің халықпен қалай жұмыс істеп жатқанын көруге болатынын айтады. Компания 15 бағыт бойынша мониторинг жүргізеді, соның бірі депутаттар мен саяси партиялардың БАҚ-та қаншалоықты жариялануына қатысты болған.

Біз 2020 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың наурызы аралығына мониторинг жүргіздік. Мәслихат депутаттары мен саяси партиялар жайлы БАҚ-та тек сайлау алдында және сайлау біткен соң белсенді жарияланған. Қалған уақытта партиялар арасындағы белсенділік бір деңгейде. Жарияланып жатқан материалдар ақпараттық сипатта, яғни қандайда бір депутаттың бір жиынға қатысқан туралы. Нақты бір белсенділік байқалмайды,-деді ол.

М.Курбанова сондай-ақ депуттар жайлы жарияланған мақалалардың басым көпшілігі ақпараттық сайттарда жарық көргенін жеткізді.

Қазір ақпараттық сайттар депуттар жайлы мағлұмат беру алаңына айналғанын көріп отырмыз. Әлеуметтік желіде депуттар жайлы ақпарат үш есе көп, бірақ мұнда да тек сайлау алдында белсенді бола түсетінін көріп отырмыз. Мониторингке қарап депуттардың белсенділігі сайлау алдында артатынын көруге болады, басқа уақытта тыныштық орнайды,-деді аналитика бөлімінің басшысы. 
 

Өзгелердің жаңалығы