Депутаттар мал шаруашылығына қатысты заңды мақұлдады

2 Ақпан 2022, 11:03
1909
Бөлісу:
Депутаттар мал шаруашылығына қатысты заңды мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелеріне қатысты заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп берді.

Заң жобасын дайындаудың мақсаты – қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және нарықтық экономика жағдайында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласының тиімді жұмыс жасауына жағдай жасайтын, заманауи нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру және асыл тұқымды мал шаруашылығындағы мемлекеттік саясаттын тиімділігін арттыру. Одан бөлек, заң жобасымен қолданыстағы асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамадағы қарама-қайшылықтар, олқылықтар мен коллизияларды жою қарастырылады.

Министр заң жобасы қандай өзгерістер мен толықтыруларды көздейтініне тоқталды.

Тұжырымдамалық аппараттағы терминдер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге сәйкес келтірілуде. Бұл, Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу кезінде келісілген агроөнеркәсіптік саясатты іске асыруға мүмкіндік береді, - дейді ол.

Сонымен қатар елімізде мал шаруашылығында оң өзгерістерге жету үшін өсіріп отырған мал тұқымдарының генетикалық әлеует деңгейін көтеру және республикада мал өнімділігі деңгейін жоғарылату мен мал басы санының өсу қарқынын жеделдету бойынша селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді жетілдіру қажет.

Қолданыстағы малдың генетикалық әлеуетін жоғарылату бойынша әдістер мен тәсілдер, осы уақытқа дейін біз күткендегідей нәтижеге қол жеткізбеді, осыған байланысты, уәкілетті органның 13-бабы келесі құзыреттермен толықтырылады:

- жануарларды индекстік бағалау қағидаларын даярлау және бекіту. 

Индекстік бағалауды енгізу мал иесіне жануардың пайдалы белгілерін дамытуға қажет. Мысалы, етті мал шаруашылығында төлдің туылғандағы және енесінен айырғандағы тірілей салмағы, ал сүтті мал шаруашылығында төлдеудің жеңілдігі және т.б;

- жануарларға молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын даярлау және бекіту.

Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу асыл тұқымды малдың шығу тегін нақты аңықтауға ақпарат береді;

- геномдық бағалау жүргізу қағидаларын даярлау және бекіту.

Геномдық бағалауды енгізу малдың асыл тұқымдылығын ерте жаста аңықтауға, жануарларды күтіп бағу шығындарын азайтуға, аталықтарды сұрыптау қарқынын жоғарлату арқылы бағалауға ең мықтыларын қоюға, әрбір тұқым бойынша тиімділікті және генетикалық прогрессті арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасының 16-5 бабында ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарының құзіреттерін күшейту қарастырылады. Аталған ұйымдар уәкілетті органмен бірлесіп жаңа нормативтік-құқықтық актілерді даярлауға және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жүйелердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуге қатысады. Сонымен бірге жаңа 21-1 «Молекулярлық генетикалық сараптама» бабы қарастырылуда. Аталған бапта молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу кезіндегі негізгі ережелер, тапсырыс берушінің (мал иесі) және мамандандырылған зертхананың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Одан басқа молекулярлық генетикалық сараптаманың орындаушыларын заңды негізде бекіту үшін, «мамандандырылған зертхана» деген жаңа ұғым енгізіліп жатыр, - деп түсіндірді Ербол Қарашөкеев.

Одан басқа, заң жобасының 28-3-бабында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы республикалық палаталардың қызметтерін реттеу мақсатында Заң жобасымен республикалық палаталардың құзіреттері нақтыланады және кеңейтілуде. Мәселен, республикалық палата мүшелерін шақыру, республикалық палата мүшелерінің кезектен тыс жиналысын өткізуге жинау және республикалық палата төрағасының өкілеттік мерзімдері заң негізінде анықталынады.

Республикалық палатаның атқарушы органына асыл тұқымды малдардың реестрін жүргізу және оның мәліметтерін асыл тұқымды малдардың республикалық реестріне қосу үшін уәкілетті органға ұсыну мүмкіндігі беріледі.

Сонымен қатар Заң жобасымен Мәжілісте жұмыс істеу кезінде депутаттармен бірлесіп Заң жобасының ережелерін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Өзгелердің жаңалығы