Депутаттар биологиялық қауіпсіздікке қатысты заңды мақұлдады

8 Желтоқсан 2021, 10:40
818
Бөлісу:
Депутаттар биологиялық қауіпсіздікке қатысты заңды мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына 7 шілдеде енгізілген.

Заң жобасы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласын мемлекеттік реттеудің жеке саласы ретінде қалыптастыруға бағытталған. Мәселен, заң жобасында биологиялық қауіпсіздік саласына мемлекеттік ақпараттық жүйе құру көзделген. Мұндай жүйені құрудың нәтижесі болжау, биологиялық тәуекелдерді басқару жүйелерін қалыптастыру.

Бұл жүйеде интеграцияланған ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету пысықталады.

Әрбір стационарлық немесе мобильді объектіге патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге арналған рұқсат алу, сондай-ақ субъектілердің, олардың меншік нысанына қарамастан сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеудің міндетті рәсімінен өтуі, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, олардың жалақысы көбейту, екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы енгізу көзделген, - деді депутат Дархан Мыңбай.

Оның сөзінше, депутаттар заң жобасымен жұмыс істеу кезінде патогендік және микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, күтіп ұстау және мехназимін нақтылауға, биологиялық қауіпсіздік саласында бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені құру мақсаттарын анықтауға, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге түзетулер енгізді.

Комитет заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы