Депутаттар байланыс операторларының жауапкершілігін күшейтетін заң жобасын мақұлдады

22 Желтоқсан 2021, 10:17
1123
Бөлісу:
Депутаттар байланыс операторларының жауапкершілігін күшейтетін заң жобасын мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында байланыс операторларының жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік беретін заң жобасы қабылданды.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бойынша қорытынды әзірледі.

Оның айтуынша, заң жобасын Парламент депутаттары тобы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында әзірледі. Бұл жоба цифрлық теңсіздікті жоюға, интернетке барынша қолжетімділік пен сапалы байланысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасы «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 637-бабының бірінші бөлігінде көзделген ірі кәсіпкерлік субъектілеріне арналған. Яғни заңнамада белгіленген техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін байланыс және интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсеткені үшін әкімшілік айыппұл мөлшерлерін ұлғайту арқылы байланыс операторларының жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді, - деп айтты депутат Мәжілісте.

Сөзінше, заң жобасы азаматтардың сапалы байланыс пен интернет алу құқығын қорғау және операторлар арасында бәсекелестік үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы