Депутат Үкіметке балалардың өмір сүру жағдайын жақсартатын ұсыныс айтты

14 Маусым 2023, 20:25
739
Бөлісу:
Депутат Үкіметке балалардың өмір сүру жағдайын жақсартатын ұсыныс айтты
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Депутат Таңсәуле Серіков Мәжілістің жалпы отырысында онкологиялық және онкогемотологиялық аурулармен ауыратын балалар мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Серіков осы мәселеге қатысты сауалын Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа жолдады. Ол «Самұрық-қазына» акционерлік қоғамы немесе «Қазақстан халқы» әлеуметтік қоғамдық қорымен бірлесе отыра, алдыңғы қатарлы құрылғылары бар заманауи орталық құрылысын бастауды ұсынды.

Онкология ауруы анықталған балаларға мүгедектігін бірден жедел беру механизмін қарастыруды, тұрақты негізде балаларда онкологиялық аурулардың пайда болу себептерін анықтау жүйесін құру керек, - деді депутат.

Айтуынша, осы шаралар қабылданса, балалар мүгедектігі мен өлімі төмендеп, олардың өмір сүру жағдайы жақсарады.

Қазақстан болашағын ойлайтын Үкімет балалар үшін бәрін жасайды деп үміттенеміз. Еліміздің ертеңі, болашағы дені сау ұрпақтар екенін Президентіміз де баса айтқан болатын. Осыны ұмытпайық, - деп айтты мәжілісмен.

Өзгелердің жаңалығы