Депутат шекаралық аймақ штабының жұмысымен танысты

25 Ақпан 2022, 10:12
1527
Бөлісу:
Депутат шекаралық аймақ штабының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ақ жол» ҚДП-нан сайланған депутат Андрей Григорьевич Линник Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Жуалы ауданындағы шекаралық аймақ штабының жұмысымен танысты.

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

 23 ақпан күні Жамбыл өңіріне жұмыс сапарымен барған «Ақ жол» ҚДП атынан Мәжіліс депутаты  Андрей Григорьевич Линник Жамбыл облысының шекаралық аймағының штабына барып, оның жұмысымен, әкімшілік, қосалқы ғимараттардың тарихымен және жай-күйімен танысты. Сондай-ақ штаб мұражайына және спорт кешені бар жаңадан салынған әкімшілік ғимаратқа барды.

Депутат шекаралық аймақ штабының жұмысымен танысты

Бұдан кейін Мәжіліс депутаты Андрей Григорьевич Линник Т.Рысқұлов ауданына барып, жергілікті кәсіпкерлерімен кездесті. 

Кездесуде ауданның шағын және орта бизнес өкілдері бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Соның бірі –  ауыл шаруашылығы бойынша малды бордақылауға субсидия алудың қиындығы. Сондай-ақ ауыл кәсіпкерлері малды қыстауға электр желісін жүргізуде көптеген кедергілерге тап келіп отырғандарын айтты. Мал сою алаңын салуға рұқсат мүмкін емес екенін атап өтті.  

Кездесуде жалғызілікті, көпбалалы аналар туралы мәселе қозғалды. Құландықтар Қазақстанда жалғызілікті аналар туралы заң жоқ екендігін, әйелдердің зейнет жасын 58-ге қайта төмендету және жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу туралы мәселені Парламент деңгейінде көтеруді сұрады.

Депутат шекаралық аймақ штабының жұмысымен танысты

Андрей Григорьевич Линниктің жұмыс сапары Меркі ауданында жалғасты.

Депутат Меркіде кәсіпкерлермен кездесіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Кездесуде бірқатар әлеуметтік мәселелер көтерілді. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға қатысты бірнеше ұсыныс айтылды. 

Аудан тұрғындары Луговой мен Меркі стансасы аралығындағы Қырғыз Республикасына тиесілі теміржол учаскесін Қазақстан Республикасының юрисдикциясына берілсе дейді. Азаматтарды толғандыратын жайттарды бірі – жол апаттарының көбейіп кеткені. Мұның себебін олар теориялық, практикалық сабақ алмай, жүргізуші куәлігін ала салатындардың көптігінен көреді.

Сондықтан автожүргізуден аудан орталықтарында сапарларға практикалық және теориялық емтихан қабылдауды ұйымдастыру қажет деп есептейді. Кәсіпкерлер өтеусіз гранттар алынып тасталса деген ұсыныс айтты. Голландия тәжірибесі бойынша жастар арасында кәсіпкерлікті насихатталса деп пікір білдірді.

Өзгелердің жаңалығы