Депутат Сергей Решетников Мәжілістен кетті

9 Наурыз 2022, 10:43
1300
Бөлісу:
Депутат Сергей Решетников Мәжілістен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Сергей Решетников қызметінен кетуге өз еркімен өтініш бергенін айтты.

Парламенті Мәжілісі депутаты Сергей Николаевич Решетников міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Сергей Николаевич Решетниковтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.

Депутаттар ұсынылған мәселе қатысты тиісті қаулыны қабылдады.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Файзолла Қаменовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы