Депутат педофилдер мен абьюзерлерге қатысты пікір білдірді

22 Қараша 2023, 12:49
448
Бөлісу:
Депутат педофилдер мен абьюзерлерге қатысты пікір білдірді
Фото: Артём Чурсинов - архив

«AMANAT» фракциясының жетекшісі, депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

VII шақырылымның екінші сессиясының бірінші отырысында «AMANAT» фракциясы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен бірлесіп заң жобасын әзірледі. Онда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы жазылған. Біз заң жобасында педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айырып, медициналық кастрация жасауды ұсындық. Сондай-ақ абьюзерлер тарапынан жасалатын денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді криминалдандыруды ұсындық. Бұл - «AMANAT» фракциясының ұстанымы. Бұл заң жобасын менің әріптестерім әзірледі. Мен бастамашы ретінде қол қойдым, - деді депутат кулуарда.

Елнұр Бейсенбаев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың оқиғасынан кейін депутат Жұлдыз Сүлейменова депутаттық сауал жолдағанын айтты.

Әйелдерді қорғайтын партиялардың бірі – біз. Біздің партияда әйелдер қанаты бар, - деді ол.

Осыған дейін депутат Жарқынбек Амантайұлы отбасында жанжал шығарған ерлер мен қатар әйелдерді де жазалау туралы ұсыныс айтқан болатын. Депутат Елнұр Бейсенбаев әріптесі көтерген мәселеге қатысты да пікір білдірді.

Бұл заң жобасын талқылау кезінде айтылған пікір. Біз әзірлеген заң жобасын ол да қолдады. Конституцияда арнайы бап бар. Депутаттың мандатын алу бойынша норма талаптары бар. Бұл жай ғана талқылау барысында болған. Депутат заң жобасын қолдайды, - деді Бейсенбаев.

Өзгелердің жаңалығы