Депутат «Марқакөл қорығының» мәртебесін өзгертуді ұсынды

24 Қаңтар 2024, 14:43
384
Бөлісу:
Депутат «Марқакөл қорығының» мәртебесін өзгертуді ұсынды
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов Үкімет басшысына Марқакөл ауданына қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешіміне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында шекаралық Қатон-Қарағай, Марқакөл аудандары құрылғанын еске сала кетейік.

Қаңтардың бірінші онкүндігінде, өңірлерді аралағанда осы аудандарда, яғни Қатон-Қарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім аймақтарында болып қайттық. Ондағы қарапайым халықтың ризашылығы мен қуанышын, Президентімізге деген зор ықыласы мен алғысын көрдік, - деп айтты Тұмашинов.

Депутат жаңадан құрылған аудандарға ерекше коңіл бөлу керек екенін атап өтті. Оның сөзінше, Марқакөл ауданының аймағында «Марқакөл қорығы» орналасқан. Бұл қорық Кенес Одағының кезінде құрылған. Бүгінде «Қатон- Қарағай» және «Тарбағатай» ұлттық парктерімен көршілес орналасқан. Қорық болу себебінен, заңмен туристік объектілерді салуға, дамытуға тыйым салынған.

Халықпен кездесу кезінде, сайлаушыларымыздың сұрауы бойынша өңірдін экономикасын, туризмді дамыту мақсатында, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, қосымша табыс табу және осы ауданның байырғы тұрғындарының өз өлкесіне қайтып оралуына қызығушылық тудыру үшін «Марқакөл қорығының» статусын өзгертіп, «Марқакөл ұлттық паркі» ретінде қарастыру қажет. Бұл осы өлкенің ертең Қазақстан елінің інжу-маржанына айналуына қосылған үлкен үлесі болар еді, - деп түсіндірді Ұлықбек Тұмашинов.

Тәжірибе көрсеткендей, Ұлттық парк статусы ауданның экономикалық тыныс-тіршілігін арттырып, туристердің санын көбейтіп, ауданға өте қажет кіші бизнесті дамытуға жан-жақты мүмкіндік береді.

Депутат Үкімет жанынан құзырлы министрлік өкілдері санатынан, мәжіліс депутаттарымен бірге осы мәселе жөнінде топ құрып, шешу тетіктерін қарастыру қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы