Депутат бұрынғы Үкіметке не жетіспегенін айтты

6 Ақпан 2024, 16:00
415
Бөлісу:
Депутат бұрынғы Үкіметке не жетіспегенін айтты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты палатаның жалпы отырысының кулуарында жаңа Үкімет басшысына сенім білдіріп, бұрынғы Үкіметке не жетіспегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы өз сөзінде алдағы уақытта қаржы-экономикалық бағытта жаңа реформалар болатынын айтты. Жаңа тағайындаулар болатынын жеткізді. Премьер-министр өз сөзінде негізгі реформа қаржы-экономикалық блокта, бизнес саласында реформалар болатынын айтты. Сәйкесінше, экономика дамыған кезде әлеуметтік мәселелер шешімін табады. Ең үлкен мәселе - заң үстемдігі мен тәртіп қағидаты, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Депутаттың сөзінше, әлеуметтік салада көптеген бағдарлама қабылданды, алайда сыбайлас жемқорлыққа қатысты не орта жолда тоқтап қалады, не аяғына дейін жетпейді.

Сондықтан да халықтың игілігіне арналған қолайлы мектеп сияқты жобалардың аяғына дейін жетуіне жаңа премьер мен министрлер кабинетінің табанды қызметі болады деп сенемін. Жаңа буын келе жатыр. Мемлекет басшысы жаңа Үкімет басшысы жайлы тәртіпті, таза адамдардың бірі деп айтты. Менің ойымша, бізге қазір өзі тәртіпті, таза сол тәртіпті басқалардан талап ете алатын адам керек болды. Мен сенемін, - деді Сүлейменова.

Оның айтуынша, бұрынғы Үкімет өз деңгейінде қызмет атқарды.

Әрине, бәлкім табандылық жетпеген шығар. Дер кезінде жауапкершілік алып, халықтың бел ортасынан табылы, мұң-мұқтажын шешуге қажырлы-қайрат жетпеген шығар деп ойлаймын. Бұрынғы Үкіметтің кезеңінде еңбек даулары сол күйінде қалды. Қарапайым еңбек адамдарының лайықты жалақысы, әлдеуметтік кепілдеме мәселесінде шешетін дүние өте көп. Әлеуметтік аз қамтылған топ, асыраушысынан айырылған, көпбалалы, мүгедектегі бар отбасыларға қатысты әлі де реформалар қажет, - деді Сүлейменова.

Өзгелердің жаңалығы