Депутат Астанадағы пәтерге қару алып кіру туралы мәлімдемеге қатысты: Полиция алғыс айтуы керек

Депутат түнгі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қарумен үйге кіруге заңда рұқсат жоқ екенін айтты.

 Мәжілістің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 11:07
Бүгiн 2026, 11:07
246
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов елордадағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерге қару алып кіру оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 20 сәуірден 21 сәуірге қараған түні болған.

Ешкімнің пәтеріне қарумен кіруге болмайды. Ол үшін міндетті түрде рұқсат болуы керек. Түн ішінде біреудің үйіне, жұрттың көзінше кіру дұрыс емес, адамдардың балалары бар. Бізде ондай заң жоқ. Полициядан: "Антикварлық қарумен жүруге бола ма?" деп сұрап көріңіздер, – деп атап өтті Әбенов Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мұндай ақпаратты жеткізгендерге полиция алғыс айтуы тиіс.

Онда полиция нақты айтсын – көне қаруды сақтауға бола ма, жоқ па. Біздің заңнамада ондай норма жоқ. Меніңше, Ішкі істер министрлігі мұндай дерек туралы хабар бергені үшін, қырағылық танытқаны үшін адамдарға алғыс айтуы керек, – деді  депутат.

Еске салайық, бұған дейін Мұрат Әбенов әлеуметтік желіде «түнде “Назарбаев Университетінің” пәтерінде, “Highvill” тұрғын үй кешенінде Қазақстан Ішкі істер министрлігі қару-жарақ арсеналымен – мылтықтар мен тапаншалармен жүрген екі шетелдікті ұстады» деп жазған еді. Полиция қарудың антикварлық екенін түсіндірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх