Депутат Ақкөл ауданының тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады

28 Наурыз 2022, 19:43
1757
Бөлісу:
Депутат Ақкөл ауданының тұрғындарымен өзекті мәселелерді  талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков жұмыс сапарымен Ақкөл ауданында болды.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Депутат сапар барысында аудан әкімімен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, атқарылған жұмыстармен және алдағы жоспарлармен танысты.

Депутаттың жұмыс сапары Домбыралы ауылындағы «Ақкөл Құс» ЖШС-нің қарауынан басталды. Кәсіпорын 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тағамға арналған тауық жұмыртқасының өндірісі – серіктестік қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Өндіріс өкілдері Сенат депутатына ағымдағы жұмыс және қол жеткен жетістіктер туралы айтып берді.

Бұл кәсіпорын 2014 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Кездесуде тағамға арналған жұмыртқа өндірісіне және сатуға субсидия берілмейтіні, құрама жем өндіруге арналған жеке жер учаскелерінің жоқтығы туралы мәселелер көтерілді.

Сенатор өз кезегінде бұл мәселені шешу жолдарын айтты. Атап айтқанда, Ақмола облысының әкімдігіне жергілікті бюджетте жұмыртқа өндірісінің құнын субсидиялауға квота бөлу туралы хат жолданды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілетін конкурстарға қатысу қажеттігі атап өтілді.

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында мобильді интернетке қол жеткізу мәселелері де талқыланды. Бұл тұрғындар үшін белгілі бір қиындықтар туғызды. Әсіресе «ковидтік кезеңде» мектеп сабақтары мен жұмыстарды қашықтан оқуға ауыстырылғаннан кейінгі қиындықтарға, сондай-ақ жедел жәрдем машиналарының ескіргені және дәріхананың жоқтығына назар аударылды.

Депутат осы мәселелер бойынша Азат ауылының барлық тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу, байланыс операторларының қосымша базалық станцияларын орнату жұмыстарына қарқын беру, Азат ауылындағы дәріхананың жұмысын қамтамасыз ету және жедел жәрдемге жаңа автокөлік бөлу нұсқалары туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы