Депутат 900 мың теңге жалақысының жетпейтінін айтты

Азық-түлік бағасының өсіп жатқанын ескерсек, миллион теңге де жетпейді, - дейді депутат.

Бүгiн 2026, 16:02
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 16:02
Бүгiн 2026, 16:02
293
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Үкімет кулуарында депутаттардың жалақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі жалақы, шыны керек, жетпейді. Неге? Өйткені өздеріңіз қараңыздаршы, егер отбасында 5-6 бала болса, 500, 700, 800 мың теңге кімге жетеді? Біздің кейбір депутаттардың 5-6 баласы бар. Балаларды балабақшаға немесе үйірмелерге апарудың өзіне ақша керек. Ал балаларға айына шамамен 300 мың теңге кетеді. Міне, осылай. Азық-түлік бағасының өсіп жатқанын ескерсек, миллион теңге де жетпейді. Мысалы, мен 900 мың теңгеден сәл асатын жалақы аламын, ол маған жеке басыма жетпейді. Сондықтан мен жұбайымнан да жұмыс істеуін өтіндім, - деді депутат.

Журналистер Қазақстанда депутаттардың жалақысын көтеруге салынған мораторийдің күші жойылуы мүмкін бе деп сұрады.

Ол бұл сұраққа нақты жауап бере алмайтынын, өйткені шешімді өзі қабылдамайтынын айтты. Сонымен қатар, оның пікірінше, қазіргі экономикалық жағдайда депутаттардың еңбекақысын өсіру онша қисынды емес. Сондай-ақ, ол алдағы бес жылда бұл мәселе көтерілмейді деп есептейді.

Еске салайық, бұған дейін министрлік Қазақстанда жалақының неге төмендегенін түсіндіре алмады.

Тағы оқи отырыңыздар:

17,5 млн теңге берешек: Өскеменде 53 дәрігер екі ай бойы жалақы алмаған

Жалақы өсті, бірақ қалта жұқарды: Қазақстандықтардың табысы неге «құнсызданып» жатыр?

Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан өсетіні белгілі болды

 

 

Наверх