Еңбек министрлігі жалақының төмендеуіне қатысты пікір білдірді

Вице-министр жалақыға сыйақы мен өзге төлемдердің де әсер ететінін айтты.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 11:46
Бүгiн 2026, 11:46
185
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенаттағы брифингте биыл қазақстандықтардың орташа жалақысының төмендеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Журналистер Ұлттық статистика бюросының дерегін келтірді. Оған сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы 2025 жылдың соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда азайған.

Жалақыға, өздеріңіз білесіздер, көптеген фактор әсер етеді. Жұмыс беруші аударатын басқа да төлемдердің бәрі кейін табыс ретінде есептеледі. Оның ішінде сыйақы мен басқа да төлемдер бар. Мүмкін, бұл бюджет кезеңінің басталуымен байланысты шығар, – деді Тұяқбаев.

Алайда вице-министр орташа жалақының нақты не себепті төмендегенін айта алмады.

Қазір нақты немен байланысты екенін айта алмаймын. Ұлттық статистика бюросы құрылымдық тұрғыда түсіндіріп беретін шығар. Өткен жылы неге сәл жоғары болғанын түсіндіруге тырысамыз, – деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін жалақы өсті, бірақ қалта жұқарғаны хабарланды

Наверх