Депутат 1 маусымды мемлекеттік мереке етуді ұсынды

14 Мамыр 2025, 18:44
373
Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Мәжіліс депутаты Сейітжан Кенжегұл Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында демалыс күндерін алдын ала — екі жыл бұрын бекіту қажеттігін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі тәжірибе бойынша демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім тек 2 апта немесе 1,5 ай бұрын қабылданады, бұл бизнеске кедергі келтіреді.

Депутат 2025 жылы бірден 2025-2027 жылдарға арналған демалыс күндерінің кестесін бекітуді сұрайды. Бұл қадам кәсіпорындарға өз өндірістік және бизнес-процестерін алдын ала жоспарлауға, ал азаматтарға демалысын ертерек белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар депутат 1 маусым — Балаларды қорғау күнін ресми мемлекеттік мереке ретінде бекітуді ұсынды. Ол бұл бастаманың балалар қауіпсіздігі мен әл-ауқатына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және Қазақстанның әлеуметтік-бағдарлы имиджін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Депутат Үкіметтен осы ұсыныстар бойынша ресми ұстанымын білдіруді сұрады.

Өзгелердің жаңалығы