Дәрігер-диетолог денсаулыққа қауіпті ірімшік түрлерін атады

9 Тамыз 2019, 14:47
4175
Бөлісу:
Дәрігер-диетолог денсаулыққа қауіпті ірімшік түрлерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зеңді ірімшік (сыр с плесенью) — денсаулыққа ең қауіпті өнімдердің бірі. Тіпті бұл ірімшіктің аз мөлшерін тұтыну кейбір адамдарда асқорыту жүйесіндегі проблемаларды туындатуы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости

Ресей медициналық ғылымдары академиясы тағамтану институты клиникасының дәрігер-диетологы Юлия Панованың айтуынша, рокфор, дорблю, горгонзола, камамбер, бри және зеңді ірімшік уытты заттектерді бөлуі мүмкін. Сол себепті жүкті және бала емізетін әйелдерге, асқазан-ішек жолдарының ауруларына шалдыққан науқастарға, сондай-ақ 5 жасқа дейінгі балаларға аталған ірімшіктерді тұтынудан бас тартқан абзал.

Дәрігер-диетолог зеңді ірімшікті тұтыну салдарынан адамдар листериозды жұқтырып алу қаупі бар екенін айтты. Жүктілік кезінде листериоз инфекциясы іштегі балаға дейін жетуі мүмкін. Ал жүктіліктің ерте кезеңінде баланың түсіп қалуына немесе іштегі нәрестенің дамуында түрлі аномалиялардың пайда болуына әкеліп соғады.

Юлия Панованың сөзінше, қалған ірімшік түрлерін, әсіресе тұздықты ірімшіктерді (рассольный сыр) азғантай мөлшерде барлық адамның тұтынуына болады.

Ірімшіктің пармезан тәрізді жетілген сорттары жүрек-қантамыр жүйесіне жақсы әсер ететінін көрінеді.

Сондай-ақ, диетолог балқытылған ірімшікті күнделікті тағам рационынан мүлдем алып тастауға кеңес берді. Себебі, бұндай ірімшіктердің құрамында өсімдік майы, әртүрлі қоспалар, қартаюды тездетуге септесетін трансмайлар болады.

Белгілі дәрігер казеинге аллергия болған жағдайда ірімшіктің кез келген түрінен, тіпті лактозасы аз өнімдерден де бас тарту қажеттігін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы