Денсаулық сақтау министрлігі балалар мекемелерін санэпидбақылау шараларын күшейтеді

10 Қыркүйек 2024, 21:03
676
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрлігі балалар мекемелерін санэпидбақылау шараларын күшейтеді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Балалардың болу нысандарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік бақылауды күшейту бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл тәсілдер балаларды тамақтандыруға, тұруға, медициналық көмекке, білім алуға, тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қатысты.

Кәсіпкерлік кодексте көзделген қолданыстағы заңнамалық нормалар уәкілетті органдарға балалардың барлық болу нысандарын мемлекеттік бақылаумен толық қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұзушылықтардың профилактикасы мен оларды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Жаңа заңнамалық тетіктер мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланып, тиісті заңнамалық рәсімдерден өту үшін қарауға енгізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы