Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың 4 бағыты әзірленді

13 Қараша 2020, 21:35
2914
Бөлісу:
Денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың 4 бағыты әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шорановтың төрағалығымен 400-ден астам ҮЕҰ өкілдерінің, медициналық ұйымдардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен денсаулық сақтау жүйесін реформалау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. 

Қатысушылар медициналық-санитарлық алғашқы көмектің прогрессивті моделін енгізу; 

корпоративтік басқару тетіктерін енгізу және ҚР ДСМ-нің өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларымен синергиясын талқылады; 

«Ауылдың саулығы - Ел байлығы!» ұлттық жобасын әзірлеп, іске асыру және санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту мәселесі төңірегінде пікір алмасты.

21 қазанда Реформалар бойынша жоғары кеңес отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың негізгі бағыттары бойынша алты жұмыс тобын құруды ұсынды. Жеке топ әлеуметтік саламен айналысады.

Тапсырманы орындау аясында, Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін реформалау бойынша 4 бағыт әзірледі.

Аймақтарда медициналық ұйымдардың қызметін тиімді ұйымдастыру үшін барлық ұсынысты ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе корпоративтік басқару және синергия тетігін енгізуді ұсынамыз, - деді М. Шоранов.

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсету сапасына әсер ететін бірқатар проблема бар.

Мәселен, медициналық қызмет көрсету көлемін, медицина мамандарын, дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық жабдықтарды, инфрақұрылымды тиімсіз жоспарлау, салдарынан әкімдіктер медициналық ұйымдарды бақылауда ұстай алмайды.

Сонымен қатар, 2019 жылы өңірлерде денсаулық сақтау секторы бойынша Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының бірқатар талабы орындалмады – ана мен бала өлімін төмендету бойынша көрсеткіштер.

Осыған байланысты өңірлердің медициналық ұйымдарының қызметін кезең-кезеңімен өңірлік басқарушы холдингіне біріктіру арқылы шоғырландыру ұсынылады. Нәтижесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жоспарлау мен медициналық қызмет көрсету көлемінің тиімділігі, сондай-ақ материалдық және адами ресурсты жұмылдыру, медициналық көмек көрсетудің бірыңғай стандарттары артады, - деді бірінші вице-министр.

Нәтижесінде әкімшілік шығындарды қысқарту, зертханалық қызмет пен сервистік қызметтерде инсорсинг тетіктерін белсенді қолдану, медициналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді орталықтандыру арқылы үнемдеу жоспарланған.

Медициналық ұйымдарды шоғырландыру шеңберінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек пен стационарлық қызметті біріктіретін ішінара қор болады. Денсаулық сақтау басқармалары денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат пен денсаулық сақтау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырады және азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі салааралық қызметті үйлестіреді.

Өңірлік медициналық ұйымдарды корпоративтік басқару тетіктерін енгізу олардың операциялық қызметінің тиімділігін арттыруға, халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға, активтер мен адами ресурстарды басқаруды үйлестіруге, сондай-ақ нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Холдинг кәсіби медициналық менеджерлерді қызықтыратын жұмыс орны болады, өйткені мемлекеттік қызметтің жалақысы төмен және жүктемесі ауыр болғандықтан білікті кадрлар тұрақтамауда, - деді Е. Шоранов.

Екіншіден, Мемлекет басшысы медициналық-санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық-емханалық көмектің қолжетімділігін жақсарту бойынша 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешенінің жобасын жасады.

Құжатта бүкіл халықты профилактикалық тексерумен қамту, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын аясында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына сәйкес кемінде 300 жаңа МСАК нысанын ашу; МСАК жұмысын халықтың қажетіне бағыттау қарастырылған.

Аталған шараларды іске асыру үшін МСАК-ты қаржыландыруды 60% дейін арттыру көзделген, - деді бірінші вице-министр.

Бастапқы буын ұйымдарын үйлестіру және көмек көрсету үшін республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында, өңірлік филиалдарымен үздік емханалар базасында МСАК орталығын құру ұсынылады.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен толық қамту үшін Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес «Ауылдың саулығы – Ел байлығы!» ұлттық жобасы дайындалады.

Ол үшін арнайы диагностика мен емдеу әдістерін пайдалана отырып, аудандық ауруханаларда мамандандырылған медициналық көмекті дамыту және нығайту; ауданаралық мамандандырылған бөлімшелерді ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің айтуынша, ауылда медициналық көмек көрсету үшін жылжымалы медициналық кешендерді сатып алу жалғасады, жылжымалы дәріхана пункттерінің жұмысы ұйымдастырылады. Бұдан басқа, ауылда кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында жалпы практика дәрігері институты одан әрі қолдау табады, бейінді мамандықтар бойынша қамтамасыз ету кеңейтіледі.

Медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеріп қана қоймай, қосымша әлеуметтік қолдау көрсетеміз. Нәтижесінде ауылдарда ауру мен өлім-жітім деңгейі төмендейді, медициналық көмектің қолжетімділігі артады, - деді М. Шоранов.

Денсаулық сақтау министрлігінің назарындағы келесі бағыт – медициналық ЖОО-да бейінді маман даярлауды, қазіргі заманғы ақпараттық инфрақұрылым құру, елдің биологиялық қауіпсіздігі мәселелерін жүйелі шешу, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту. Елімізді, тіпті бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай бірқатар өзекті проблеманың бетін ашты.

Сондықтан СЭС қызметін күшейту мақсатында Алматы қаласында жұқпалы аурулар мен эпидемиологияның ұлттық орталығын құру, материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін арттыру жоспарлануда.

Орталық эпидемиологиялық болжау және әрекет ету жүйесін қалыптастыруға жетекшілік етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды дамыту жоспары әзірленеді, - деп нақтылады М. Шоранов.

Денсаулық сақтау министрлігі СЭС-ті заманауи ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету, эпидемиология және гигиена бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавриатының үшінші курс студенттерін бейімдеу және еліміздегі медициналық ЖОО-да қысқа мерзімді және орта мерзімді негізде эпидқызмет кадрларын даярлау бойынша жұмыс жүргізуді ұсынады.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева саланы инвестициялауға жақсы жағдай жасау үшін медициналық бизнесті дамыту жолындағы кедергілерді жою, медициналық ұйымдармен ұзақ мерзімді келісімшарттарға көшу қажеттілігі туралы пікір білдірді.

Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман, өз кезегінде, СЭС қызметін нығайту жөніндегі бастаманы қолдап, ұлт денсаулығына қауіп төндіретін қазіргі және жаһандық сын-қатерлерге тек осылай жауап бере алатынымызды атап өтті.

Ол санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің кадрлық әлеуетін қалпына келтіру үшін тек кафедраларды ғана емес, жалпы санитарлық-гигиеналық факультеттерді қалпына келтіруді ұсынды.

А.Шарманның пікірінше, МСАК-ты дамытуға ерекше назар аудару - бұл дер кезінде қабылданған маңызды шешім, бірақ оның айтуынша, МСАК үшін бірінші кезекте кадр жеткілікті болуы тиіс – білікті экономис, дәрігер, басқарушы және басқа да мамандар.

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшин өз кезегінде, денсаулық сақтау басқармалары қазіргі кезеңде шынымен де орнын жоғалтып жатқанын және бұл мәселеде корпоративтік басқару көмекке келе алатынын атап өтті. Алайда, бұл механизмді бір өңірде пилоттық режимде енгізу қажет, деп есептейді белгілі репродуктолог.

Бүгінде емхана мен аурухана арасындағы өзара іс-қимыл өте күрделі, кейде пациентті ауруханаға ауыстырудың өзі проблема болады, мұнда нақты үйлестіру қажет. МСАК-ты дамыту ісіне денсаулық сақтау саласындағы жеке секторды тарту, медициналық көмектің сапасына лайықты сараптама жүргізу, ФАП-тарды қалпына келтіру қажет, өйткені фельдшер мен акушер -бұл ауылдық денсаулық сақтаудың негізі, - деді В.Локшин.

Қоғамдық тыңдау барысында қатысушылар ұсыныс, тілектерін ортаға салды. Жалпы, қатысушылар М. Шоранов айтқан Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформаларды қолдады.

Өзгелердің жаңалығы