Демократиялық жолдың бастауы

19 Наурыз 2023, 14:26
557
Бөлісу:
Демократиялық жолдың бастауы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Мұрат Құсайынов Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлауда шет қалмады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Музыкант Орталық стадион аумағында орналасқан №262 учаскеде дауыс берді.

Сайлау-бұл мен үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды іс. Менің ойымша, біздің ел сайлауға көптен бері дайындалып келеді. Жеке өзім жаңалықтардан мені қуантатын елдегі ағымдағы өзгерістерді көріп отырмын, - деді «Дос-Мұқасан» ансамблінің  әншісі Мұрат Құсайынов. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері бүгінгі сайлау-демократиялық жолдың бастауы екенін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 602 сайлау учаскесі бар. 1,2 млн алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алады.

Өзгелердің жаңалығы