Қазгидромет синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ.
Олардың мәліметінше, республиканың батыс және оңтүстік бөлігіне солтүстік-батыс антициклон әсер етеді. Сондықтан әлі де жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады.
Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығына Баренц теңізі аудандарының циклоны әсер етеді, сондықтан қар жауып, жел күшейеді. Ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды, - делінген хабарламада.