Демалыс күндері шектеу шараларын бәсеңдетуді қарастыру қажет – Мамин

24 Тамыз 2021, 10:57
3599
Бөлісу:
Демалыс күндері шектеу шараларын бәсеңдетуді қарастыру қажет – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, жалпы алғанда елдегі эпидахуал жақсарып келеді.

Сондай-ақ соңғы жеті күн ішінде вирустың репродуктивтілік индексі 1-ден төменге түсіп, қазір 0,93-ті құрап отырғандығын алға тартқан демалыс күндеріндегі шектеу шараларына тоқталды.

Өңірлердегі ведомствоаралық комиссияға жағдайдың тұрақтанып келе жатқандығына байланысты Ashyq жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күндері шектеу шараларын бәсеңдету мәселелерін қарастыруды тапсырамын, - деді Премьер-министр өз сөзінде. 

Қазақстандағы эпидахуалға тоқталар болсақ, 24 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 748 851 КВИ+, 67 870 КВИ- жағдайы тіркелген. Түркістан облысын қоспағанда барлық өңір «қызыл аймақта».

Сонымен қатар соңғы екі апта бойы республикада коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері біртіндеп төмендеп келеді. Он төрт күннен бері індет 10%-ға төмендеген. Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 49%-ға және реанимациялық төсек-орындар жүктемесі 46%-ға тең. Екпенің бірінші компонентімен 6,5 млн адам вакцинацияланған, ал екінші компонентті 5 млн-нан астам адам салдырған.

Бұған дейін Үкімет басшысы елдегі індетпен күресті жақсарту үшін не істеу керектігін айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы