Демалыс күндері елімізде күн жылынады

5 Қазан 2019, 01:55
2246
Бөлісу:
Демалыс күндері елімізде күн жылынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Қазақстанның ауа райына антициклонның ықпалы алдағы үш тәулікте де сақталады. Сондықтан, республикада демалыс күндерінде аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, күндіз ауа 15…23°С-қа дейін, оңтүстік облыстарда 18…27°С-қа дейін жылынады, бірақ солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі аяз сақталады», - делінген хабарламада.

 

Өзгелердің жаңалығы