Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Дебюттік қойылым: Тараз жастар театры студиясы "Ләйлі-Мәжнүн" пьесасын сахналады

21 Мамыр 2025, 22:11
474
Бөлісу:
 Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығы
Фото: Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығы

Тараз қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған Тараз жастар театры студиясы алғашқы қойылымын көрерменге ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас театр ұжымы Шәкәрім Құдайбердіұлының "Ләйлі–Мәжнүн" шығармасы негізінде әзірленген сахналық туындысы көрермендер көңілінен шықты. Қойылымды Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ардагерлермен, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындарымен бірге тамашалады.

Дебюттік қойылым: Тараз жастар театры студиясы "Ләйлі-Мәжнүн" пьесасын сахналады

Классикалық махаббат хикаясын арқау еткен қойылымда қос ғашық - Мәжнүн мен Ләйлінің бір-біріне деген шексіз сүйіспеншілігі бейнеленеді. Алайда риясыз сезім ата-аналары мен қоғамның қысымына тап болып, қос жүректің трагедиясына ұласады. Мәжнүн елден безіп, жалғыздық құшағында өмір сүрсе, Ләйлі де сүйгеніне жете алмай, ажал құшады. Шығармада адам жанының тазалығы мен шынайы махаббаттың рухани биіктігі терең суреттеледі.

Дебюттік қойылым: Тараз жастар театры студиясы "Ләйлі-Мәжнүн" пьесасын сахналады

Қойылымды көпшілік назарына Шәкен Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, белгілі режиссер Қуандық Қасымов ұсынды. Кәсіби маманның режиссерлік шешімі мен актерлік құрамның шебер ойыны көрерменге ерекше әсер сыйлап, жастар театрының болашағынан зор үміт күттіретінін көрсетті.

Шара соңынд өнер ұжымына қала әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды.

Дебюттік қойылым: Тараз жастар театры студиясы "Ләйлі-Мәжнүн" пьесасын сахналады

 

Өзгелердің жаңалығы