ДДҰ-ның бұрынғы директорлары ұйымның темекіге қарсы күрес тәсілдерін сынға алды

7 Ақпан 2024, 11:00
368
Бөлісу:
ДДҰ-ның бұрынғы директорлары ұйымның темекіге қарсы күрес тәсілдерін сынға алды
Фото: Depositphotos

ДДҰ-ның екі экс-директоры — ДДҰ-ның созылмалы аурулар және денсаулықты нығайту департаментінің бұрынғы басшысы Роберт Биглхол мен ДДҰ-ның жұқпалы емес аурулар кластеріндегі қадағалау жөніндегі бұрынғы директоры Рут Бонита «Ланцет» беделді журналында мақала жариялады.

Онда екі беделді дәрігер ұйымды темекі шегуге қарсы күресте зиянды азайту тұжырымдамасын қолдануға шақырады. Жарияланым Панамада өтіп жатқан «Темекіге қарсы күрес жөніндегі ДДҰ негіздемелік конвенциясы» (ДДҰ ТҚКНК) конференциясы қарсаңында пайда болды.

Авторлардың пікірінше, қарапайым темекіден зияны аз түтінсіз баламаларға өту тұжырымдамасы темекімен күрес шараларына қосымша ретінде ТҚКНК-ның орталық стратегиясына айналуы керек. Өкінішке қарай, ДДҰ-ның шектеу шаралары әлем бойынша темекі шегудің төмендеуіне ықпал еткен жоқ, дейді авторлар.

Олар ДДҰ ТҚКНК зиянды азайту тұжырымдамасының тәсілдерін қолдануға тыйым салмайтынын атап өтіп, ұйымның «электронды темекі мен басқа да жаңа түтінсіз никотин өнімдерін реттеу ережелерін елдердің өзіне қалдырып отырғанын» айтады. Бұл ретте жаңа түтінсіз өнімдердің зияны темекіден кем емес деген дәлелсіз тұжырымдарды таңады.

ДДҰ темекіден болатын зиянды азайту тұжырымдамасын мақұлдамағандықтан, ерте өлу қаупі төніп тұрған әлемдегі 1,3 миллиард темекі шегушілердің таңдауын шектейді, – деп жазады авторлар.

Биглхол мен Бонита зияны бірдей болғандықтан, никотині бар түтінсіз өнімдер темекі сияқты реттелуі тиіс деген тезиске таң қалады. Бұл тезис 20 жылдан астам уақыт бұрын Негіздемелік конвенция шеңберінде қабылданған және қазіргі уақытта ДДҰ осы ұстанымды алға тартып жүр. Беделді дәрігерлер бұл тұжырым ғылыми дәлелденбеген деп есептейді.

Электронды темекіге және басқа да жаңа никотин өнімдеріне қарапайым темекі өнімдері сияқты қарау керек деген ДДҰ-ның пікіріне ғылыми негіз жоқ. Мұнда қолданыстағы тәуекелдерге көзқарастардың пропорционал принципі назардан тыс қалды. Біз ДДҰ темекіге қауіпсіз балама ретінде түтінсіз никотин жеткізу құрылғыларын (мысалы, темекіні қыздыру жүйелері, снюс, вейптер) пайдалануды насихаттайтын елдерге оң көзқарас, көшбасшылық және техникалық қолдауды қамтамасыз етуі керек деп есептейміз, – деп атап өтті мақала авторлары.

Биглхол мен Бонита темекінің түтінсіз баламаларын белсенді насихаттау арқылы темекі шегушілердің санын түбегейлі төмендете алған елдерді мысалға келтірді. Мысалы, Жаңа Зеландияда никотинді түтінсіз жеткізу жүйелерінің кең қолжетімділігінің арқасында ересектер арасында темекі шегудің таралуы 2017-2018 жылдардағы 13,3%-дан 2022-2023 жылдары 6,8%-ға дейін төмендеді. Бес жылдың ішінде темекі шегушілердің үлесі 49%-ға төмендеді, деп атап өтті Биглхол мен Бонита.

Сондай-ақ, бұл тізімде темекі бағасын көтеру және оларды тұтынуды шектеу бойынша ДДҰ ТҚКНК ұсынымдарымен қатар зиянды азайту Тұжырымдамасын белсенді қолданудың арқасында темекі шегуді азайта алған табысы жоғары бірқатар мемлекеттер бар. Мысалы, шайнайтын темекі – снюс тұтыну дәстүрі қалыптасқан Швецияда ересектер арасында күнделікті темекі шегудің әлемдегі ең төмен көрсеткіші тіркелген: 2022 жылы небәрі 6%. Сонымен қатар, Швецияда темекі шегуден туындайтын аурулардан өлім-жітім деңгейі төмендеген. Қазір бұл елде халықтың 5,6%-ы ғана темекі шегеді, - дейді авторлар. Бұл тізімге Норвегияны да кіргізуге болады, ел темекі алмастыратын түтінсіз құрылғыларды қолдану арқылы темекі шегушілердің үлесін жылдам төмендете алды. Ал Англияда темекіні вейпингке алмастыру ресми түрде ұсынылады, бұл ересектерге темекіні тастауға едәуір көмектескен. Жапонияда темекі шегушілер үлесінің тез төмендеуі (бір кездері әлемдегі темекіні ең көп шегетін елдердің бірі болған) темекі қыздыру жүйелерінің таралуымен байланысты.

Сондай-ақ, осының аясында темекі шегуге қарсы күресте оң нәтижеге жете алмаған елдер де көп, өйткені зиянды азайту Тұжырымдамасының әлеуеті іс жүзінде жүзеге асырылмайды. Көбінесе бұл табысы орташа және төмен мемлекеттер.

ДДҰ-ның бұрынғы директорлары Қазіргі Панамада өтіп жатқан ТҚКНК конференциясына дайындалған анықтамалық құжаттарда неге екені, кез келген жаңа түтінсіз никотин өнімдеріне қарапайым темекіге сияқты қарау және оларды сәйкесінше реттеу ұсынылғанын атап өтті.

Бұл тәсіл — артқа тарту, өйткені бұл өнімдер келтірілетін зияны тұрғысынан темекімен салыстыруға келмейді. Негізгі зиян никотиннен емес, темекінің жануынан болатыны ғылыми дәлелденген. Одан да сорақысы: қазір ДДҰ алға тартқан стратегия, сайып келгенде, темекінің әлемдік нарығына оң ықпал етуде және зияны аздау вейпингке тосқауыл болуы мүмкін. ТҚКНК-ның басты назарында қоғамдық денсаулық сақтаудың басты мәселесі – темекі түтінінің 1,3 миллиард темекі шегушінің денсаулығына теріс әсер етіп жатқаны болуы керек, - деп қорытындылады Биглхол мен Бонита.

Өзгелердің жаңалығы