ДДСҰ бекіткен екпені салдырғандар Еуроодақ елдеріне кіруі мүмкін

26 Қараша 2021, 11:13
550
Бөлісу:
ДДСҰ бекіткен екпені салдырғандар Еуроодақ елдеріне кіруі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық комиссия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды салдырғандарды «кәрі құрлық» аумағына кіргузге рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Бұл ұсыныс қолдау тапса, онда Қытай екпесін алғандарға жол ашық болады. Жаңа ережелерді қазір Еуроодақ Кеңесі қарап жатыр. Мақұлданса, құжат 10 қаңтарға дейін заңды күшіне енуі тиіс. Екпе шекарадан өткенге дейін 9 ай бұрын салынуы керек. 

Айта кетейік, ресейлік «Спутник Ви» препаратын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірге бекіткен жоқ. Қазір Еуроодақ «Астразенека», «Файзер-Байонтек», «Модерна» және «Джонсон әнд Джонсон» вакциналарын мақұлдаған.

Өзгелердің жаңалығы