Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус бортында хантавирус індеті тіркелген Hondius круиз кемесін жеке қарсы алу үшін Испанияның Тенерифе аралына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.
Гебрейесустың айтуынша, ол Испания үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерімен бірге «жолаушылардың, экипаж мүшелерінің және медицина мамандарының қауіпсіз түсу процесін бақылауы» керек.
ДДҰ жағдайды мұқият бақылауды, қолдау шаралары мен алдағы қадамдарды үйлестіруді жалғастырып жатыр. Сондай-ақ ұйым мүше мемлекеттер мен қоғамды ақпараттандыруда. Қазіргі уақытта Канар аралдары мен жалпы әлем халқы үшін қауіп деңгейі төмен болып отыр, – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, лайнер бортында инфекция таралып, салдарынан үш жолаушы көз жұмған. Тағы алты адамнан вирус жұқтырды деген күдік бар. Жалпы кемеде 140-тан астам жолаушы мен экипаж мүшесі болған.
Кеме 7 мамырдан бері Канар аралдарына қарай бет алған. Ол Тенерифе маңына 10 мамырға қараған түні жетеді деп күтілуде.
Қаза тапқандардың арасында Германияның Пассау қаласынан шыққан 78 жастағы әйел бар.