ДДСҰ Қазақстанға алғыс білдірді

30 Сәуір 2020, 12:00
1573
Бөлісу:
ДДСҰ Қазақстанға алғыс білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақ елдеріне гуманитарлық көмек көрсеткені үшін елімізге алғыс білдірді


ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Орталық Азия өңірінде көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты.
Мен қалыпты әлеуметтік-экономикалық өмірге қайта оралу мақсатында қазіргі жағдайды бақылау үшін инновациялық стратегияларды келісу бойынша өңірлік үйлестіру, карантиннен шығу жолдарын пысықтау аса маңызды екеніне сенімдімін, – деді Майкл Райан Женевадағы ДДСҰ штаб-пәтерінде өткен брифингте.
Бүгін Швейцария астанасында COVID-19-дың таратылуына байланысты ахуалды бағалау және пандемияның кесірінен орын алған дағдарыстан шығу және оны еңсеру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу жөнінде ДДСҰ төтенше комитетінің кезекті отырысы өтеді.


Өзгелердің жаңалығы