Дауыс беру үшін кезекте тұрдым - саясаттанушы

5 Маусым 2022, 10:52
1353
Бөлісу:
Дауыс беру үшін кезекте тұрдым - саясаттанушы
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы саясаттанушы Самат Нұртаза  «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан  16 сағаттық онлайн марафонда айтты. 

Бүгін – мереке, халық үшін тарихи, маңызды күн. Бүгін үйдің маңындағы мектепке 7-20-да дауыс беруге бардым. Ең қызығы дауыс беруге барып, кезекте тұрдым. Яғни, адамдардың нөпірі толастар емес. 2015 жылы мен Британиядағы Шеффилд университетінің студенті едім. 26 сәуірде Президент сайлауы өтіп жатты. Шеффилдтен Лондонға 1 фунт төлеп арнайы келдім. Шатаспасам, ол кезде елші Қазыханов болатын. «Сен бірінші келдің» деп еді. Осылайша, дауыс беріп, екі бауырсақ алып қайта кетіп едім, - деді ол. 

Саясаттанушы айтқандай, бұл күннің маңыздылығын барлық азамат өте жақсы түсінеді. 

Бүгін елде бірдеңе өзгертуге болатын тарихи күн. Мен дауыс берген мектепте кезекте тұрған адамның барлығы оны түсінеді. Халыққа әділеттік керек. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан» құру туралы айтады. Бұл сөздің философиялық маңызы мен мәні де осында деп ойлаймын, - деді Самат Нұртаза. 

Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум болып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы