Дауыс беру. Сайлау бюллетеньдері туралы

31 Қазан 2022, 18:16
2477
Бөлісу:
Дауыс беру. Сайлау бюллетеньдері туралы

Бұл мәселе туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыста сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімін беру, дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекіту және оларды дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы мәселелер қаралған болатын.

"Қазақ­стан Рес­пуб­ликасындағы сай­лау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 24, 37-баптарына сәйкес, Қа­зақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетень­дерін орталықтандырып дайындау туралы шешім қабылдап, сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.

Сайлау бюллетеньдері мәтінін бекітіп, дайындалу барысы туралы орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады.

Жалпы Қазақстан бойынша 11 950 485 сайлаушы бар екені анықталды. Сайлау бюллетень саны- 12 609 090. Сайлау бюллетендері сайлаудан бір күн бұрын мөрленіп, ішкі істер министрлігіне табысталады, - деді Мұхтар Ерман.

Сондай-ақ бюллетеньде Президенттікке үміткер 6 кандидаттың аты-жөні және барлығына қарсымын деген нұсқа болады деді ол.

Өзгелердің жаңалығы