Дәурен Абаев сахнада өрескел қылық көрсеткендер туралы пікір білдірді

1 Маусым 2022, 12:57
1730
Бөлісу:
Дәурен Абаев сахнада өрескел қылық көрсеткендер туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев  «ИК» тобының өрескел қылығына қатысты пікір білдірді.

Ол Үкімет кулуарында «Ирина Қайратовна» тобының оқиғасына қатысты, әншілердің сахна төріне мас болып шыққаны үшін жауапкершілік енгізесіздер ме?, - деген  тілшілер сұрағына жауап берді.  

Шын мәнінде ондай концерттер көп өтеді, осындай оқиғалар да болып жатады. Бірақ мыңдаған әншінің бәрі сахнада теріс  қылық көрсетіп жүрген жоқ. Бұл мәселені жақсы білеміз. Жақын арада осы бағытта не істейтініміз туралы нақты шешімдер шығарамыз. Мәселе әлі талқыланып жатыр. Кім кімге шағым түсіруі керек, полицияға кім хабарлауы керек, жауапкершілік кімде, әлі ештеңе белгісіз, - деп жауап берді Дәурен Абаев.

Тілшілер министрге елімізге ресейлік тиктокшылардың көптеп келіп жатқанын, олардың да масаң күйде жүретінін, көп тәртіпсіздікке баратыны  туралы сұрақ қойды.  

Заң бәріне - ортақ. Тиктокшы бола ма, бастық немесе қатардағы адам болса да, заң мен нормалар анық жазылған. Шартты түрде айтсақ, ресейлік тиктокшылар тәртіп бұзса, біздің еліміздің заңы бойынша жауапкершілікке тартылады. Ал өзін тәртіпті ұстаса – қандай мәселе көріп тұрсыздар?, - деді Мәдениет министрі. 

Өзгелердің жаңалығы