Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының ашылуына қатысты

4 Мамыр 2022, 18:34
1863
Бөлісу:
Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты
Фото: Бақытжан БАТЫРХАНҰЛЫ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қолжетімді спорт» жобасының II маусымы басталды. 

Шараның ашылуында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев маусымның басталуымен елорда тұрғындарын құттықтады. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Еліміздегі азаматтардың денсаулығы мықты болса, болашығымыз да зор болады. Президенттің бұл тапсырмасы барлық өңірде жалғасын тауып, сау ұлтты қалыптастыруға серпін береді деп ойлаймын. Бұл шара спортта ғана емес, өмірде де үлкен жетістікке жетелейді деген үміттеміз, - деді Абаев. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Министр өзі де фитнеске баратынын айтты. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Жалпы спортпен шұғылданамын деп айта аламын. Аптасына 1-2 рет жүгіремін. Жазда марафон болса, қатысуға ниеттеніп отырмын. Осыған дейін де 2 рет қатыстым. Биыл 10 шақырым болса, жүгіруге ниеттімін, - деді ол. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Дәурен Абаев атап өткендей, «Қолжетімді спорт» балаларды ғана емес, барлық азаматты қамтиды. 

Себебі біздің болашағымыз осындай жобаларға тікелей байланысты. Тұрғындардың денсаулығы мықты болса, ол жалпы халықтық дамуға оң әсер береді. Сондықтан барлығын «Қолжетімді спортпен» айналысуға шақырамын. Жоба Преиденттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы бұқаралық спортқа аса үлкен көңіл бөледі. Біз бұл спорт және кәсіби спорт түрлері бойынша әдістерді қайта қарап жатырмыз. Сондықтан бұқаралық спорт жалпы спортта нәтиже көрсетуге ықпал етеді  деп есептейміз. Бүгінгі жобаға балаларды тартуға да мүмкіндік бар, - деді министр. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Абаев «Триатлон» паркіндегі көпірдің астындағы акцияның ерекшелігі туралы айтты. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Әлем елдерінде көпірдің асты жартылай криминалдық орындарға айналған. Онда рұқсаты жоқ заттарды сатумен айналысады. Біз  елде көпір астындағы алаңдарды тиімді қолданудың жақсы үлгісін көрсетіп жатырмыз. Бұл – тиімді жоба. Бізде бұқаралық спортты дамытатын бірқатар жоба бар. Ауылдық жерде спортпен айналысуға инфрақұрылымдық жағдай жасау мәселесі шешіліп жатыр. Жан басына қаржыландыру жобалары да бар. Қазір ол күрделі кезеңде тұр. Алайда спортпен айналысқысы келетін балалар саны өте көп. Оған қоса дене шынықтыру мұғалімдерінің жалақысы артты. Мектепке дейінгі білімде де оңайлы өзгерістер бар, - деді ол. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Абаев өзінің сүйікті спорт түрі футбол екенін айтты. 

Сондай-ақ мерекелік концерт аясында фристайлершілер, DJ Fara, WorldClassGreen фитнес-орталығының нұсқаушылары, Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының тәрбиеленушілері және «Azimuth» СК жас спортшылары өнер көрсетеді. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Бұдан басқа, барлық тілек білдіруші жүлделер ұтысына қатысты.

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Айта кету керек, сәуір айынан бастап «Қолжетімді дау» жобасы Қазақстанның 7 қаласында басталды. 

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты

Осы маусымда жобада спорттың 5 түрі ұсынылған: каратэ, скандинавиялық жүріс, жүгіру, фитнес және үстел теннисі.

Дәурен Абаев «Қолжетімді спорт» маусымының  ашылуына қатысты
Өзгелердің жаңалығы