Дәурен Абаев Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялануына қатысты пікір білдірді

12 Тамыз 2021, 17:52
2254
Бөлісу:
Дәурен Абаев Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялануына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында айтты. Ол сұхбат барысында айдың басында Мемлекет басшысының Жамбыл облысының әкіміне берген сөгісі туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, бәрі заңда көрсетілген жолмен істелген болуы керек.

Шенеунікті тағайындаған кезде ешқандай проблема болмауы мүмкін. Бірақ мемлекеттік қызмет – бұл соншалықты оңай және формалды нәрсе емес. Себебі ол – этика, қоғамға қызмет ету. Мен, әрине, қателесуім де мүмкін. Бірақ қателеспесем, Қазақстанда шамамен 100 мың мемлекеттік қызметкер бар. Бәрін бірдей Президент жұмысынан босатып жатқан жоқ қой. Бұл - ерекше жағдай, - деді Дәурен Абаев. 

Сондай-ақ ол мұндай шешім қабылдаудың ресми тағайындаудан бөлек, символдық мәні болуы мүмкін деп отыр.

Бұл - айқын жағдайларға билік пен қоғамның бірдейлігінің белгісі. Мұны әр әкім, әр министр түсінуі тиіс. Бұл жерде жұмыстан шығарылған әкім басқарманың нашар басшысы болғандығы туралы сөз болып отырған жоқ. Биліктің мәртебесі, абыройы мен қоғамдық сенім туралы айтылып отырған болуы керек. Сенім болмай, билікке жіберу мүмкін емес. Мемлекеттік аппараттың мұны естуі маңызды, - деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дәурен Абаевтың «Қазақстанда орыс тілі қысым көріп отыр» деген пікірге қатысты не айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы