Дәурен Абаев: «Арт спорт» бағдарламасы жабылмайды

22 Маусым 2022, 14:13
1401
Бөлісу:
Дәурен Абаев: «Арт спорт» бағдарламасы жабылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

Біз ешқашан жауапкершіліктен қашпаймыз. Бағдарлама жабылады деуге де ешқандай негіз жоқ. Осы уақытқа дейін мақұлданған ваучерлер төленетінін атап өткім келеді. Әр аймақ оған қажетті қаржыны қарастырып жатыр. Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі осы мақсатқа 4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бірақ қоғамның жүйе жұмысындағы олқылықтарға наразылығы негізсіз деп айта алмаймын. Біз мәліметтерді тексеру, кезекті автоматтандыру, қаржыны бөлу мен қызмет ұсынушылардың есебін қадағалауға байланысты бірқатар кемшіліктің кеткенін мойындауымыз керек, - деді министр.

Айтуынша, осы мәселелерді шешу үшін басқа да мүдделі мемлекеттік органдар ережеге бірнеше өзгеріс енгізіп отыр.

Бұл процесс екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең биыл мамырда жүзеге асырылды. Жаңа нормаларға сәйкес, оқытушылар мен жаттықтырушылардың санатына қойылатын талап күшейтілді, әкімшіліктердің өтініштерді қарау мерзімі ұзартылды, сапаны бақылауға және қаржының мақсатты игерілуіне электронды және жалпыға қолжетімді форматта мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді, - дейді Дәурен Абаев. 

Өзгелердің жаңалығы