Дәулет Мұқаев өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді

29 Наурыз 2023, 11:46
1330
Бөлісу:
Дәулет Мұқаев өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді
Фото: Ақорда

Депутат Дәулет Мұқаев салық төлеуге қатысты арнайы заң қабылдауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы отырысының кулуарында айтты. 

Оның барлығында ашықтық болуы керек. Салыққа қатысты кейбір ақпарат желісінде мені салық төлемеген деп те көрсетіп жатыр. Ол жерде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген бірнеше бағыт-бағдар бар. Жеке кәсіпкер ретінде, ЖШС ретінде тіркелгендердің барлығы салық төлеп жатыр, - деді ол.

Сөзінше, жалпы мемлекеттік бюджетке түсім әкелетін – ол ашық салық саясаты. 

Бізде 17 трлн теңге бір жылдық бюджет болса, 20 трлн шығын болып отыр. Яғни, бюджетте тапшылық байқалады, - деді депутат. 

Өзгелердің жаңалығы